На главную Контакты   ENG   RUS








АҒЫЛШЫН ТІЛІ:

GENERAL ENGLISH (ЖАЛПЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІ)

      Аталмыш курсқа жалпы ағылшын тілінің алты деңгейлік бағдарламасы кіреді. Әр деңгей 24 аптаға (144 сағатқа) арнап есептелген. Сіздің "Translingvo" курсына кез келген деңгейден бастап жазылуыңызға болады. Сабақтарды ағылшын тілінің кәсіби оқытушылары жүргізеді, біздің сабақтарымызда әртүрлі әдістемелер, дыбыстық қосымшалары бар ең жақсы ағылшын оқулықтары қолданылады. Апта сайын Discussion Club (тілді иеленушілермен әртүрлі тақырыптағы сұхбаттар мен пікірталастар) өткізіліп отырады.

BUSINESS ENGLISH (ІСКЕРЛІК АҒЫЛШЫН ТІЛІ)

      Бұл курста іскерлік лексиканы оқуға, ерекше сөз қорын пысықтауға, әртүрлі жағдайларды – таныстырылымдарды, келіссөздерді, көрмелерді бейнелейтін пікіріталастар мен талқылауларға көбірек көңіл бөлінеді. Бұл бағдарламалар басшыларға да, орта буынды менеджерлерге де сай келеді. Курс 15 аптаға (45 сағатқа) арналған.

PROFESSIONAL ENGLISH (КӘСІБИ АҒЫЛШЫН ТІЛІ)

      Бұл курсқа ауызша және жазбаша аудармашыларды даярлау сабақтары кіреді.

АУЫЗША АУДАРМАШЫЛАРДЫ ДАЯРЛАУ
      - жағдайлық көзқарас («трио» атты практикалық тренинг, оған үш әрекет етуші тұлға кіреді, мысалы, екі жақ тарап өкілдерінің келісімшарттардың, келісімдердің, шарттардың жалпы шарттарын, былайша айтқанда, «аудармашының» қатысуымен талқылауы);
      - есте сақтау қабілетін жеделдетілген түрде жаттықтыру;
      - тілді иеленушілердің сөйлеген сөзін қабылдау жылдамдығына қатысты дыбыстық жаттықтыру;
      - сөйле дағдыларын жаттықтыру (екіжақты адарма);

ЖАЗБАША АУДАРМАШЫЛАРДЫ ДАЯРЛАУ
      - құжаттарды әрекеттегі кәсіби аудармашының басшылық етуімен практикалық аудару (әртүрлі құжаттарды, соның ішінде заң саласындағы және қаржылық құжаттарды, бухгалтерлік және аудиторлық есеп берулерді, келісімшарттарды, келісімдерді, шарттарды, құрылтайшы құжаттарды, маркетингілік зерттемелерді және т.б. аудару).

INTENSIVE* - әр деңгейді 2 ай ішінде оқып шығуға арналған эксклюзивтік бағдарлама.

Business English (іскерлік ағылшын тілі)

- Ақшасы әр 8 сабаққа төленеді.
- Жеке түрде – 28.000 теңге.
- 2 адамнан – 25.000 теңге.
- Топпен (4 адамнан 6 адамға дейін) – 20.000 теңге.

*Сабақтар жеке түрде және топпен аптасына 2 реттен 90 минуттан өзіңізге ыңғайлы болатындай уақытта өткізіледі.

Professional English (кәсіби ағылшын тілі)

Әр 8 сабақтың ақшасы 28.000 теңге.
*Сабақтар тек қана жеке түрде аптасына 2 рет 2 сағаттан (1 сағат теория, 1 сағат практика) өткізіліп отырады.

Сіздің осы пішін бойынша оқытуға тапсырысыңызды қалдырып кетуіңізге болады, осыдан кейін біздің орталығымыздың менеджерлері Сізбен ең жақын арада байланысып Сізге қосымша ақпаратты ұсынатын болады.

Тегі*

Есімі*

Әкесінің есімі

Ұйым

Телефон*

Факс

E-mail*

Қосымша ақпарат*

Сабақтардың уақыты*
Тәңертең
Күндіз
Кешке
Төлемақы*
Қолма-қол ақшамен
Ақша аударумен
Сіз біз жайлы қайдан білдіңіз *


(*) міндетті түрде толтыруға жататын жолдар











«TransLingvo» ЖШС, Қазақстан Республикасы
Жібек Жолы даңғ., 50,
«Квартал» БО, 3 қабат, Б – блогі, 303-кеңсе
тел.: 273-20-87; 298-27-40; 237-92-20;
ұялы.: 8-701-795-42-71; 8-701-795-22-90
E-mail: translingvo@mail.ru; translingvo@rambler.ru

Индекс | Байланысу


Сайт құру – SF7 студиясы