На главную Контакты   ENG   RUS





Прайс-парақты көшіріп алу



КОМПАНИЯ ЖАЙЛЫ

     "Translingvo" компаниясы әлемнің әртүрлі тілдерінен аударумен, сондай-ақ Ағылшын, Неміс, Қазақ, Испан тілдері сияқты тілдерге кәсіби үйретумен айналысады.

     Біздің компаниямыздың басты қағидасы тапсырыс берушінің талаптарын бәрінен де жоғары қою және тиімді бағамен жоғары сапалы қызметтерді ұсыну болып табылады. Өз жұмысында "Translingvo" компаниясы сапа мен кәсіби шеберлікке негізделеді.

     Сапаға, орындаушылық пен кәсіби шеберлікке негізделумен біз шағын маркетингілік агенттіктерден бастап Қазақстанның нарығында, сондай-ақ шетелдерде жұмыс істейтін мега-компанияларға дейінгі әртүрлі клиенттердің сеніміне ие болдық. Бүгінгі күні (статистикалық мәліметтерге сәйкес) клиенттеріміздің 97%-дан артығы бізге қайталап келіп және клиенттеріміздің 75%-дан артығы тек қана біздің қызметтерімізді пайдаланады.

     "Translingvo" - әртүрлі техникалық және заңгерлік құжаттарды аударумен айналысатын, ISO 9000 және ISO 9001 тәрізді әлемдік стандарттарға сәйкес келетін Қазақстанның жетекші аудармашы компанияларының бірі.

  • ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ!
    Құпиялылық – аудару іс-әрекетінің ерекше шарты. Аудармашы компаниялардың немесе агенттіктердің барлығы бірдей өзіне аударуға ұсынылып отырған құжаттардың құпиялылығын қамтамасыз етуге кепілдік бере бермейді. Біз өз Клиенттерімізге алдын-ал және негізгі келіссөздер сатысында, сондай-ақ материалмен тікелей жұмыс істеу кезінде толық құпиялылыққа кепілдік береміз.
  • РЕДАКЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ТҮЗЕТУЛЕР ЕНГІЗУ.
    Сіздің жоғары сапалы мәтінге ие болғыңыз келе ме ? Осыған арнап біз жұмысқа кәсіби редакторларды, соның ішінде тілді иеленушілерді тартып отырамыз. Біздің мақсатымыз – жай ғана аудармаға емес, құжаттың өзінің стилінің ерекшелігіне сәйкес келетін біртұтас материалға ие болу. НӘТИЖЕСІ – КЕРЕМЕТ САПА, РИЗА БОЛҒАН ТАПСЫРЫС БЕРУШІ

     "Translingvo" Кәсіби Аударма Орталығы біздің Клиенттеріміздің ең жоғары талаптарын қанағаттандырып отыруға тырысады, және де біз Сізді солардың қатарынан көруге қуанынышты боламыз. Бізбен жұмыс жүргізу Сізге шынайы ғанибет беріп Сізге шетел тілдеріне(-нен) аударумен байланысты барлық мәселелеріңізді оңай шешіп беруге көмектеседі деген сенімдеміз.





«TransLingvo» ЖШС, Қазақстан Республикасы
Алматы қ., 6 ық. aуд.,
56 үй, оф.63
тел./факс: 393-10-02
моб.: 8-701-795-42-71; 8-701-795-22-90
E-mail: translingvo@mail.ru; translingvo@rambler.ru

Индекс | Байланысу


Сайт құру – SF7 студиясы